Сирияда авиациялық соққыдан 18 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда авиациялық соққыдан 18 адам мерт болды

22.01.2020

Ресей мен Сирия әуе күштері осы елдің солтүстік-батысында көтерілісшілердің позицияларын бомбалау кезінде 18 адамды мерт қылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Кфар Таал деген ауылға снаряд түскенде алты баласы бар отбасы қырылып қалған. Сонымен қатар талай үй жермен-жексен болды.

Ресей, Сирия, Иран әскерлері бұл аймақтан оппозиция күштерін ығыстыру операциясын желтоқсанда бастады. Содан бері ондаған мың адам Түркия шекарасына қашқан.

Дегенмен, Мәскеу мен Дамаск бейбіт халықты бомбалады деген ақпаратты жоққа шығарып, Алеппо тұрғындарын шабуылдаған жиһадшылармен соғысып жатқанын мәлімдеп отыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу