Еліміздегі этнос өкілдері туралы еңбек жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі этнос өкілдері туралы еңбек жарық көрді

12.11.2019

Ел дамуына елеулі үлес қосқан түрлі этнос өкілдері туралы еңбек жарық көрді. Жаңа туынды «Қазақстан этностары» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференция барысында таныстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, еліміздің түкпір-түкпірінен 538 кандидат ұсынылыпты. Төреші ғалымдардың шешімімен солардың 50-і жайлы мәлімет жаңа кітапқа енді. Еңбекте олардың өмірбаяны, жүрген жолы, еткен еңбегі жайлы мәліметтердің бәрі бар.

Туындының электронды нұсқасы «Рух кз» пен Қазақстан қоғамдық даму институтының сайтында орналасқан. Екі тілде жарық көрген еңбектің мәнді-мазмұнды болуы үшін мамандар біраз тер төкті. Архивтер ақтарылды. Қызықты деректер де табылды.

Жаңа туынды 50 тұлғамен тоқталмайды. Есімдер жыл сайын жаңармақ. Сол үшін Ассамблея тарапы тарихи институттармен өзара меморандумға қол қойды.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу