Германияда оқып жүрген 8 қазақстандық оқудан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда оқып жүрген 8 қазақстандық оқудан шығарылды

21.01.2020

Германияда оқып жүрген 8 қазақстандық магистрант оқудан шығарылды. Сот төрелігі академиясы студенттерінің қоғам наразылығын тудырған ерсі қылығы таспаға түсіріліп, әлеуметтік желі мен ақпарат порталдарында тарап кеткен. 

Қазақстанның Жоғары сотының жанындағы сот төрелігі академиясы сайтында оқудан шығарылған магистранттардың аты-жөндері жарияланды. 

Мемлекет тарапынан олардың оқуына бөлінген қаржы толық қайтарылып алынды. Араларында оқудан шығарылмай сөгіс алғандары да бар.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу