Қиын жағдайға тап болған балаларға көмек жүйелі түрде көрсетілуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қиын жағдайға тап болған балаларға көмек жүйелі түрде көрсетілуі керек

20.01.2020

Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көрсетілетін көмек жүйелі түрде дамып отыру керек. Парламент мәжілісінде осы тақырып Ұлыбритания елшілігі, Қазақстандағы Біріккен Ұлттыр Ұйымы Балалар қоры өкілдерінің қатысуымен өткен жиында талқыланды. Балалардың құқығын қорғау, әсіресе Еуропа елдерінде өте жақсы дамыған. Қазақстанда арнайы заң қабылданғанымен, әлі де жетілдіретін тұстары көп болып тұр. Қиын жағдайға тап болған балалардың тізімі тек ішкі істер органдарында емес, жергілікті атқарушы билікте, медицина мекемелерінде де болуы керек деген ұсыныс айтылды. Депутаттар меймандарды тыңдап, тәжірибе алмасу мақсатында бірқатар зерттеулер жүргізілетінін айтты.  

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу