Қытайдағы қауіпті вирусқа байланысты елдегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы қауіпті вирусқа байланысты елдегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді

20.01.2020

Қытайдағы короновирустық инфекцияның таралуына байланысты Қазақстанда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Өйткені аталған аурудан Қытайдың Ухань қаласында бірнеше адам қайтыс болды. Әрі Жапония мен Тайланд елдеріне де ауру түрі таралып, вирус 2 адамға жұққан. Сол себептен Қазақстан мен Қытай арасындағы шекарадан өту орындарында бақылау күшейді. Халықаралық әуежайларда да сақтық шаралары қолға алынған. Себебі Елорда мен Алматыдан Қытайдың бес қаласына әуе рейстері қатынайды. Алдын ала эпидемиологиялық тексерістерге сәйкес, науқастанғандардың көбі теңіз өнімдері сатылатын базарларда жұмыс істеген. Ал аурудың клиникалық белгілері бірден байқалады. Тыныс алу қиындайды, екі өкпе қатарынан қабынады. Дегенмен, вирустың бір адамнан екінші адамға берілуі әлі анықталмаған.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ 


Хабарламаларға жазылу