Қарағандыда банк қызметкері зейнеткерді алдап, қарызға батырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда банк қызметкері зейнеткерді алдап, қарызға батырған

20.01.2020
Қарағандыда банк қызметкері зейнеткерді алдап, қарызға батырған

Зейнеткер Тамара Исаева (кейіпкердің аты өзгертілді) 2019 жылдың қараша айында 80 мың теңге несие алған. Әйел келісімшартты банк бөлімшесінде оқымаған. Өйткені, ол банк қызметкері мұндай қылыққа барады деп күтпеген. Қағаздарға қол қойғаннан кейін, консультант оған әдемі қорапшаны берген. Зейнеткер қорапшаны банктің сыйлығы деп ойлаған.

Тамара қолма-қол ақша келісімшартта көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес келмейтінін үйге келген соң ғана түсінеді. Содан кейін құқық қорғаушылардан көмек сұрайды.

«Біз қағазда 80-нің орнына 112 мың теңге жазылғанын білдік. Қосымша 32 мың теңге сақтандыруға төленген. Банк сақтандыру агенті ретінде әрекет еткені және оның қызметі үшін сыйақы алғаны белгілі болды. Қызметтер өте кішкентай шрифтпен жазылған», - дейді жәбірленушінің қорғаушысы.

Адвокат Тамараға бірден банкпен шартты бұзуды ұсынды. Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңда мұндай келеңсіз жағдайлардан шығу қарастырылған.  

inform.kz

Хабарламаларға жазылу