ЕХРО-2017 көрмесінде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына жеке павильон бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕХРО-2017 көрмесінде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына жеке павильон бөлінеді

06.04.2017

Бүгінгі таңда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы алдындағы басты міндет - аймақтағы бейбітшілік пен тұрақты дамуды сақтау. Әлемдегі қақтығыстар мен қауіп-қатерлердің шиеленіскен  кезінде ұйымның рөлі арта түсері сөзсіз.

Бұл туралы  Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің xатшысы Владимир Жұмақанов айтты.

Бүгін бас қалада Шанxай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі xатшыларының 12-ші кездесуі қорытындыланды.

Аталған жиын -  маусымда  Астанада өтетін саммит алдындағы әзірлік шарасы. Отырыста аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, ұйымға мүше мемлекеттердің өзара әріптестігі пысықталды.

Жиыннан соң ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанадағы ЕХРО-2017-нің алаңындағы жұмыстармен танысты. Халықаралық көрме кезінде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына да жеке павильон бөлінеді.

 

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу