Қытайда өршіп тұрған қауіпті індет Жапонияда тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда өршіп тұрған қауіпті індет Жапонияда тіркелді

16.01.2020
Қытайда өршіп тұрған қауіпті індет Жапонияда тіркелді

«Жапонияның Канага префектурасында тұратын қытайлық ер адам пневмонияның жаңа түріне шалдықты», деп хабарлайды Kyodo. 

Ер адам жақында ауру ұшқыны байқалған Қытайдың Ухань қаласында болып қайтқан. Бүгінде ол ауруханадан шыққан. Жапония билігі мәлімет жинау мақсатында жедел штаб құрып, вирустың көзін жою шараларына кірісіп кеткен. 

Қытайлық эпидемиологтар Ухань қаласындағы пневмонияның тарауына жаңа коронавирус себеп болғанын анықтаған. Ол тек өкпенің қабынуына әкеліп соқпайды. Өмірлік маңызды органдардың қызметін тоқтатуы мүмкін. Көбіне науқас қалтырау және тыныс алудың қиындағанына шағымданады. 

Қытайда өршіп тұрған қауіпті індет. Бүгінге дейін не белгілі? Дәрігерлердің айтуынша, осыған дейін бірнеше адам аурудың бұл түріне шалдығып, бір адам көз жұмған. Науқастармен тікелей байланыста болған медицина қызметкерлері де бақылауға алынған. 

Коронавирус — 30-дан аса вирустан тұратын, екі тұқымдастыққа бөлінген ауру түрі. Алғаш 1965 жылы анықталған. Ауруды көп жұқтыратын объектілер — адамдар, үй жануарлары, құстар, шошқа және ірі қара мал. 

Коронавирус тыныс алу жүйесін, асқазан-ішек жолдарын, жүйке жүйесінің зақымдануына әсер етуі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу