Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті

15.01.2020
Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті

Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Кеңестің құрамы өзгергені туралы Үкімет қаулысы eGov порталында жарияланды.

Сондай-ақ, кеңестен Президент көмекшісі Тимур Сүлейменов те кетті. 

Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі Президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев болды. 

Үкімет қаулысы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді.

Айта кетейік, Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі төрағасы қызметін 2019 жылдың наурызынан бастап атқарып келді.

Хабарламаларға жазылу