Қазақ радиосының 100 жылдығы қарсаңында байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосының 100 жылдығы қарсаңында байқау жарияланды

14.01.2020
Қазақ радиосының 100 жылдығы қарсаңында байқау жарияланды

2021 жылы Қазақ радиосының ғасырлық мерейтойы тойланады. 100 жылдыққа орай логотипке байқау жарияланып отыр.

Талаптар:

- Қазақ радиосын дәріптеу әрі тақырыпты ашу;

- Қолданыстағы (бекітілген) логотипті негізге алу;

- Түсі мен шрифттер бекітілген логотипке сәйкес келуі тиіс; (brand book сілтемесі https://qazradio.fm/kz/events/3/)

- Авторлық құқықтарға сәйкес болу;

- Көшірме болмауы;

- Байқауға қатысатындар авторлық жобасын JPEG форматта қысқаша мәтінмен (түсіндірмелік) qazradio100@gmail.com электронды поштасына жолдауы тиіс; 

- Түскен материалдың барлығы әлеуметтік желіге жариялау құқына келіскен деп есептеледі;

- Үздік шыққан логотип ұлт үнжариясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылатын барлық шарада қолданылады;

- Жеңімпазға 100 000 /жүз мың/ теңге көлемінде сыйақы ұсынылады.

- Жеңімпаз анықталған соң логотип CorelDRAW форматта көрсетілген электронды поштаға жіберілуі қажет;

- Жеңімпаздар 17 ақпан күні анықталады.

Нұсқаны «Қазпошта» арқылы жіберу: Қонаев көшесі 4, «Қазмедиа» орталығы, «Қазақ радиолары» ЖШС». 




Хабарламаларға жазылу