Жоғалып кеткен екі баланың мүрдесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалып кеткен екі баланың мүрдесі табылды

13.01.2020

Атырауда із-түссіз жоғалып кеткен 9 жастағы екі баланың мүрдесі Перетаска каналынан табылды. Қайғылы оқиға қала іргесіндегі Құрсай елдімекені маңында болған. Суда жан тапсырған екі дос, жұқа мұзда шана теуіп жүріп түсіп кеткен. Іздеу операциясына 15 қызметкер мен 4 техника, 1 қайық, кинолог мамандар мен 18 полицей жұмылдырылды. Былтыр да мұз ойылып екі адам қаза тапқан еді. Ал, биыл 3 бала көз жұмды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу