Семей маңын су басуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей маңын су басуы мүмкін

13.01.2020
Семей маңын су басуы мүмкін

Ертіс өзенінде су деңейі көтеріліп келеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады. 

Ауа райының жылы болуына байланысты Семей қаласының маңында сең тұрып, Ертіс өзеніндегі су деңгейі көтеріліп келеді. Салдарынан Восточный, Мирный және Полковник аралы елді мекендеріндегі тұрғын үйлерді су басып қалуы мүмкін. 

«Халықты қорғау шараларын жедел қабылдау мақсатында Семей қалалық ТЖБ «ІІМ ТЖК Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің өкілдерімен бірге өзен жағалауына тұрақты мониторинг жүргіп, тәулік бойы бақылау бекеттерін орнатты. Семей қалалық полиция басқармасының жеке құрамы аудандарды шолғындап жүр. Бұған қоса, қызметкерлер халыққа су басу қаупі бар екендігі туралы ескертіп, су тасыған жағдайдағы бастапқы әрекеттер жайында нұсқаулық жүргізуде. Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының іс-әрекетін үйлестіру үшін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды», - делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу