Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену

09.01.2020

«Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды», – дейді.

Демек, өзімізден озық тұрған жұрт­пен деңгейлес болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор.

Ал қазіргідей жаңа тарихи жағ­дайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Сонымен қатар ағылшын тілін үйре­нуге де басымдық беру қажет. Жаста­рымыз неғұрлым көп тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді. Бірақ олардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ, Абай айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз».

Президенттің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан

Хабарламаларға жазылу