«Қазақстан-Семей» телеарнасының ұжымы игілікті істің бастамашысы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ұжымы игілікті істің бастамашысы болды

15.05.2015
«Қазақстан-Семей» телеарнасының ұжымы игілікті істің бастамашысы болды

Биыл «Қазақстан-Семей» телеарнасына – 50 жыл. Жарты ғасырлық тарихы бар телеарна ұжымы мерейлі күнге орай, игілікті істі қолға алды.

Бүгінде «Семей орманы» резерваты жылына 500 гектардан астам жерге ағаш егіп, жасыл желекті аумақты кеңейтуде. Телеарнаның шығармашылық бөлім редакторлары мен техникалық қызметкерлері  қарағайлы орманда жас көшеттер екті.

«Келешек жас ұрпаққа үлгі ретінде осындай игілікті істі бастап жатырмыз. Басқа да мекемелер өздерінің атаулы мерекелерін осы сынды бастамамен атап өтсе, экологияға тигізген көмегіміз болар еді»,-дейді телеарна қызметкерлері.

Бақыт ТОПТАЕВА

Хабарламаларға жазылу