Канада Премьер-Министрі Иран қателесіп ракетамен атып түсірді деп мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канада Премьер-Министрі Иран қателесіп ракетамен атып түсірді деп мәлімдеді

10.01.2020

Канада Премьер-Министрі Джастин Трюдо украиналық жолаушылар ұшағын Иран қателесіп ракетамен атып түсірді деп мәлімдеді. Оның сөзінше, канадалық және өзге елдердің барлаушылары келтірген дәлелдер лайнерді ирандық жер-әуе санатындағы зымыранның құлатқанын көрсетіп берді. 

Вашингтон да спутниктік мәліметтерге сүйеніп, апатқа ракеталық соққы себеп болуы мүмкін дейді. 

Осыдан бірнеше күн бұрын «Украина халықаралық әуе жолдары» компаниясының «Боингі» Тегераннан Киевке аттанғанда құлап, 176 адам қаза тапты. Соңғы мәліметке қарағанда, ол аспанға көтерілгеннен кейін екі минуттан соң төмен қарай құлдилап, отқа оранған. Және дәл сол сәтте ұшақ жанында екі ракетаның нышаны байқалған. Бірақ Иран үкіметіне сенсек, бұл рейстің құлауына ұшақ моторындағы техникалық ақау себеп.


Хабарламаларға жазылу