Қостанай облысында республикалық маңызға ие жолдың қарын жөндеп аршымағаны үшін «Қазавтожол» мекемесі жауапқа тартылды. Мемлекеттен миллиондаған қаржы алып отырған мердігер өз міндетін талапқа сай орындамаған. Алматы-Екатеринбург тас жолының белгілі бір бөлігі уақытында тазартылмай, соның кесірінен көлік қозғалысы қиындады. Жүргізушілердің шағымы бойынша тексеру жүргізген құзырлы орындар бұл келеңсіздікке мердігердің жауапсыздығы себеп болғанын анықтап отыр.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жолдағы қарды жөндеп тазартпағаны үшін «Қазавтожол» жауапқа тартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/121174/)