Жамбыл облысында химиялық өнім өндірумен айналысатын зауыт өндіріс көлемін екі есе ұлғайпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында химиялық өнім өндірумен айналысатын зауыт өндіріс көлемін екі есе ұлғайпақ

06.01.2020

Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін зауыт өнім көлемін екі есеге өсірмек. Еліміздегі химиялық өнім шығарумен айналысатын бірегей компания алдағы уақытта екінші зауытын іске қоспақ. Сол кезде кәсіпорынның өндірістік қуаты артып, өнім көлемі 30 мың тоннаға жетпек. Бұл жайында мәжіліс депутаты Қожахан Жабағиевтің өңірге сапары кезінде айтылды. Халық қалаулысы еңбек ұжымымен кездесіп, алда атқарылар шараларды талқылады. Жалпы кәсіпорын былтыр 11 мың тоннадан астам натрий цианидін және 2 мың тоннадан аса амоний сульфатын шығарған.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу