«Microsoft» корпорациясы «Windows 7»-ні қолдануын тоқтатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Microsoft» корпорациясы «Windows 7»-ні қолдануын тоқтатады

05.01.2020
«Microsoft» корпорациясы «Windows 7»-ні қолдануын тоқтатады

«Microsoft» корпорациясы 14 қаңтардан бастап Windows 7-ні қолдауын тоқтатады. Қолдаланушыларда операциялық жүйенің нұсқасын ауыстыру үшін тағы 10 күн бар, өйткені «жеті» енді жаңартылмайды және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алмайды.

«Windows 7 он жыл бұрын киберқауіпсіздік мүлдем басқа кезде ойлап табылған. Кибершабуылдардың жаңа түрінің немесе жаңа технологиялардың пайда болуы - қауіп-қатер тұрғысынан операциялық жүйені қайта қарауға себеп болды. Windows 10 құру кезіндегі басты қағида - киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіп-қатерлердің жаңа түріне қарсы тұру еді. «Microsoft Windows 10»-ды жетілдіру және өзектендіру үшін бар күшін жұмылдырады», - деді «Microsoft» баспасөз қызметі. 

«Windows 7» орнатылған компьютерлер 2020 жылдың 14 қаңтарынан бастап хакерлер үшін жеңіл олжа болып қалу қаупі бар. Сондықтан әзірлеуші оны жаңарту қажеттігі туралы мәлімдеді.  

Сондай-ақ, қолдаланушылар құрылғысы заманауи талаптарға сай болмаса, оларды жаңартуы қажет. 

«Windows 7»-де шыққан заманауи емес құрылғыларды, яғни, мораль тұрғысынан ескірген девайстарды жаңартқан кезде олардың өнімділігі төмендетуі мүмкін», - деп қосты «Microsoft» баспасөз қызметіндегілер.  

Сонымен қатар, компания өкілдері ескірген құрылғылар «Windows 10»-ның негізгі қауіпсіздік мүмкіндіктерін қолдамайтынын айтты, олар: биометриялық датчиктер, қауіпсіз жүктеу құралдары, аппараттық виртуализацияны қолдайтын процессорлар және басқа да аппараттық компоненттер. 

«Windows Hello көпфакторлы аутентификация платформасым техника иесінің келбетін, саусақтың немесе алақанның ізін пайдалануға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу