Монреаль әуежайында ұшу кезінде ұшақтың дөңгелегі істен шыққан

05.01.2020
Монреаль әуежайында ұшу кезінде ұшақтың дөңгелегі істен шыққан

«Air Canada» компаниясының үлестік жолаушылар ұшағы Монреальдан Сагеней бағытында ұшып шығып, қайта оралуға мәжбүр болған. CBC телеарнасының мәліметінше, ұшақ шассиінің дөңгелегі жұлынып қалған.

«Bombardier Dash 8-300» ұшағының қайта қонуына техникалық ақау себеп болған. 43 жолаушы мен үш экипаж мүшесі зардап шеккен жоқ. 

«Біздің тәжірибелі ұшқыштар ұшақты толық өз бақылауында ұстады. Біздің мамандар осындай жағдайларда дереу әрекет ету үшін дайындықтан өтеді, олар белгіленген ереже бойынша ұшақты қондырды», - делінген Jazz Aviation компаниясының өкілдері телеарнаға берген сұхбатында. 

Ұшақ жанармай таусылмай тұрып, әуекемесі Монреаль әуежайына қонды.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу