Мельбурндағы қайғылы оқиғадан 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мельбурндағы қайғылы оқиғадан 5 адам қаза тапты

21.02.2017
Бүгін Австралияның Мельбурн қаласында қайғылы оқиға болды. Жеңіл моторлы ұшақ сауда орталығына құлап, оның бортындағы 5 адамның барлығы қаза тапқан. Төтенше жағдай кезінде дүкен жабық еді. Бұған қоса, жақын маңда ешкім болмаған.

Ұшақтың құлауына моторының істен шығуы себеп. Апат алдында пилот диспетчерлерге қауіп белгісін беріп үлгерген. Дегенмен, оқиғаның мән-жайы барынша тергеледі.


Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу