Ұшақ апатына байланысты тергеу жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатына байланысты тергеу жүргізілуде

28.12.2019

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ішкі істер министрлігі ұшақ апаты фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ұшу-қону жолағына тексеру өткен. Әуе кемесінен өздігінен жазғыш құралдары мен борт журналы алынды. Қазіргі уақытта ұшақтың құлау ауданын тексеру жалғасуда. Іске халықаралық талаптарға және осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктеріне сәйкес, Халықаралық авиация комитетінің және ұшақты дайындаушы зауыттың өкілдері қатысады. Тергеу барысында барлық құжаттар, аудио және бейнежазбалар зерттеледі. Жедел тергеу тобы бірнеше нұсқаны, соның ішінде кеменің техникалық ақауын, ауа райы және метеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ ұшу кезінде жіберілуі мүмкін қателерді пысықтайды. Сондай-ақ, апатқа ұшыраған әуе кемесі 1996 жылы Голландияда «Fokker» зауытында салынып, 2020 жылдың 21 мамырына дейін ұшу жарамдылығы сертификатына ие болғаны анықталды.

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу