Сотталғандарға өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сотталғандарға өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік көп

26.12.2019

Сотталғандар жақындарына қол жаймай өз-өздерін қамтамасыз етуі керек. Түрмелерде шаруашылық-өндірістік алаңдарын ашу – мәселені шешудің төте жолы. Бұған Еуропа мен АҚШ-тың абақтылары үлгі бола алады. Ондағы жазасын өтеушілер жұмыссыз жүрген жоқ. Бүгін қылмыстық атқару жүйесі комитетінде осы тақырып бойынша алғашқы республикалық отырыс өтті. Ал біздегі жағдай былай. Түрмелерге мемлекеттік тапсырыс мүлдем түспейді. Тоқтатылған. Қазір түзеу мекемелеріндегі 23 мыңнан аса адамның тең жартысы еңбек етеді. Бірақ сотталғандарды толық жұмыспен қамту үшін жан-жақты келісімдер жүргізіліп жатыр. Бүгінде түрме аумағында 240-қа жуық кәсіпкерлік субьектісі бар. Бәріне жер тегін беріліп отыр. Бизнесмендердің жабдығын әкеліп ісін жүргізіп кетуіне кедергі жоқ,-дейді мамандар. Дегенмен 431 мың өндірістік алаңның үштен бірі қаңырап бос тұр. Егер сол алаңдардан өнім шығарылса, сотталғандар да туыстарына масыл болмас еді. Екінші жағынан еңбек адамның түзеліп кетуіне де көп септігін тигізеді.  

Нысаналы ЫҒЫЛ 

Хабарламаларға жазылу