Нұр-Сұлтанда тұрмыстық қоқыс шығару тарифі өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда тұрмыстық қоқыс шығару тарифі өседі

25.12.2019
Нұр-Сұлтанда тұрмыстық қоқыс шығару тарифі өседі

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары тұрмыстық қоқыс шығару тарифін өсіру мәселесін бірауыздан қолдап дауыс берді. 2020 жылдан бастап тариф көпқабатты үйлер үшін 466 теңгені, жеке тұрғын үй үшін 390 теңгені құрайды.

Ал бұған дейінгі сома осыдан сегіз жыл бұрын бекітілген болатын, 246 теңге.

Осы орайда халықтың әлеуметтік осал топтарына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. ІІ Дүниежүзілік соғыстық ардагерлері ешқандай тарифті төлемейтін болады. Ал, І топ мүгедектеріне, көпбалалы отбасыларға 50 пайыз (190 теңге) жеңілдік беріледі. Зейнеткерлер 75 пайызын ғана (295 теңге) төлейді.

Тариф қаланың ұлғаюы мен адам санының көбеюіне байланысты өсіп отыр.

Хабарламаларға жазылу