Семейдегі көшеге Баян Байғожинаның есімі берілді
ІІ Дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан Баян Байғожинаның аты Семейдегі көшеге берілді. Қазақтың қайсар қызы майданға жастайынан аттанып, Берлинге дейін жетіп, ауыр ұрыстарға қатысқан. Ол туралы деректердің аздығынан, насихат та жасалмай келген. Тіпті тарихта ондай адамның болғандығына күмән келтіргендер де бар. Алайда бірнеше жылдан бері Баян Байғожина жайлы мәліметтерді ардагер ұстаз Түгелжан Әзімжанова жарыққа шығарып, есімін жаңғыртты. Оның атына көше беруді де ұсынған. Бастама қолдау тауып, қаладағы Краснознаменная көшесі енді Баян Байғожинаның есімімен аталады.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18