Президент парламенттік оппозиция институтын құруды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент парламенттік оппозиция институтын құруды ұсынды

22.12.2019

Халықтан жоғары және халықтан биік тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ.

Ұлттық кеңестің екінші отырысының және елеңдеп күткен отырыстың лейтмотивін Президент Қ.Тоқаев осылай сипаттады. Ал мазмұны. Мазмұны сайлауалды бағдарламасы мен халыққа Жолдауын еске түсірді. Сонда айтқандары жүзеге асырылмақ.

Митинг өткізу тәртібі, саяси партияларды тіркеу, парламенттік оппозицияның болуы, жергілікті жұмысшыларды кемсітуді доғару, қылмыстық кодекстің 130 бабын әкімшілік жазаға ауыстыру, бюджетті бақылау... Президенттің сөзін мұқият оқып шықтық – өзгертетін өзгерістер басталмақ. Цитата келтірейік: 

...Бізге парламенттік оппозиция институты қажет. Біз жаңа қоғамдық парадигманың басты шарты – балама көзқарастар мен пікірлер екенін түсінуіміз керек. Соңғы жылдары өз ұстанымдарын ашық білдіріп жүрген белсенді азаматтар бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге атсалысты. Біз балама пікірлер мен қоғамдық талқылау тоқыраудың бастауы емес, керісінше, дамудың басты талаптарының бірі екеніне көз жеткіздік.

Альбина ӘШІМ 

Хабарламаларға жазылу