Түркістаннан Меккеге тікелей ұшақ қатынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістаннан Меккеге тікелей ұшақ қатынайды

18.12.2019

Келер жылдан бастап екі күнде бір рет Түркістаннан Меккеге тікелей ұшақ қатынайды. Бұл туралы сала мамандары Түркістан облысының Мәскеудегі күндері барысында айтты. Іс-шараға Ресей Федерациясының 60-қа жуық туристік компаниясы, туризм саласындағы қоғамдық бірлестік ұйымдары, қауымдастықтар мен мемлекеттік ұйымдар қатысты. Туризм әлеуетін арттыру үшін қазына қаржысынан 200 миллионға жуық ақша бөлінгенімен, былтыр келген турист саны небәрі 152 мың. Өйткені ақпараттандыру ақсап тұр, шетелдіктер қазақтың көрікті жерлері туралы көп біле бермейді. Сондықтан облыста арнайы бағдарлама әзірленді. 2025 жылға дейін турист санын 5 миллионға жеткізу көзделіп отыр.

ИНДИРА БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу