Төл мерекелеріміздің лайықты тойланбауының себебі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төл мерекелеріміздің лайықты тойланбауының себебі неде?

14.12.2019

Қазақ мерекеден кенде болған емес. Бірақ бас-көз жоқ тойлау қанымызда болмаған қарекет, әдепте жоқ әрекет еді. Алып атыраптағы ат төбеліндей Алаштың әр мейрамының астарында атанға жүк болар салмақ, өскелең ұрпаққа өсиет қалдырар қасиет бар. Берісі Наурыз, Қымызмұрындық, Мизам, Соғымбасынан басталады. Азынаған алты ай қыстан аман шыққан ағайын қыстаудан қайтып 20 күн «Қанжайлауда» арқа-жарқа жататын еді. Сағынысып көріскен қазақ онда қыз айттырып, құда түсіп, сүндет той жасап, нәрестелерді бесікке салып бір жасап қалатын. Бұл мыңнан бірі ғана. Ал қазір, жылдың соңы жақындағанда басталатын тартыс шырша мен наурызға тиесілі. Шыршаны ерте қойғаннан, оны ерте жаққаннан дүние төңкеріліп кетпесе белгілі. Және қазақы қалпымнан айнымаймын, менің жаңа жылым наурыз дейтін қазаққа бір түп ағаштың аса қатты кедергі болмасында білеміз. Бірақ бұл тартыс әлі тоқтамады.  Өйткені қазақы қалпымнан айнымай, қазақы дәстүрді ұстанып, қазақтың ұлттық киімін киемін деген қандасқа «қой» деген ешкім жоқ. Осы тұста сұрақ туады, ұлттық мерекенің лайықты тойланбауын өзгеден көрмей, себебін өзімізден іздесек қалай?

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу