ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы мемлекеттік наградаларды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы мемлекеттік наградаларды тапсырды

13.12.2021

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – жетістіктердің жарқын символы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімінде осылай деді. Қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтаған Нұрсұлтан Назарбаев, егемен еліміз жер-жаһанда лайықты орын алып, мәртебелі мемлекетке айналуы үшін әр қайсысының еңбегі ерен екенін атап өтті. Отыз жылда біз Қазақстанның ілгері басуы мен өркендеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бұл наградалар – сіздердің Қазақстан мен оның халқы алдындағы еңбектеріңіздің лайықты бағалануының нышаны. Осылай деген Елбасы, төсбелгілерді мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, бизнес қоғамдастығы өкілдерінің кеудесіне тақты.

 Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы:

Тәуелсіздік барлық жетістіктеріміздің бастауы. Осыдан 30 жыл бұрын әлем картасында пайда болған Қазақстан бүгінде еңсесі биік елге айналып отыр. Тәуекелден тайныбасақ, тәубемізден жаңылмасақ, Тәуелсіздігіміздің тасы өрге домалайтын кезі әлі алды. Бүгін көрсетілген құрмет пен жоғары марапат Сіздерді ұлық іске жетелеп, жігерлендіре түседі. Мемлекеттік наградаларыңызбен шын жүрегіммен құттықтаймын. Денсаулық тілеймін. Төл мерекеміз құтты болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгілік жасай берсін!


Хабарламаларға жазылу