Қытайдан Қазақстан арқылы Польшаға алғашқы жүк пойызы жетті
Қытайдан Қазақстан арқылы Польшаға алғашқы жүк пойызы келді. Сапар «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Аспанасты елінен тиелген тауарлар Қазақстан арқылы Польшаның Гданьск портына 12 күнде жеткен. Бұған дейін жүк теңізбен тек 45 күнде келетін. Уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берген Ұлы Жібек жолындағы ең ұзын жол — Қазақстанның трассасы. Ірі нарықтарды түйістіретін алтын көпірге айналған қазақ елімен Польша үкіметі де алыс-берісті, барыс-келісті арттыруға мүдделі. Былтыр Қазақстан аумағы арқылы Польшаға 345 мың контейнер жүк тасымалданған. Өзара тауарайналымы биыл 2,5 миллиард еуроны құрады.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06