Елордада «Көкшенің кербез сұлуы» атты кеш өтті
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышеваның сахнада өнер көрсеткеніне биыл 50 жыл. Осыған орай әнші елордалық көреременге «Көкшенің кербез сұлуы» атты шығармашылық кешін тарту етті. Саналы ғұмырын дәстүрлі өнерді дәріптеуге арнаған күміс көмей әншінің еңбек жолы «Гүлдер ансамблінен» басталған еді. Небәрі 16 жасында Арқадан Алматыға аттанып, асқақ арманы жолында аянбай еңбек етеді. Қаршадайынан халық әнін сүйіп тыңдаған өнер иесінің «Тау ішінде», «Замандас», «Ақерке» сынды бірқатар әндері кеңінен танымал. Бүгінде Қапаш Құлышева өнерін өрендерге үйретіп жүрген асыл ұстаз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07