Еліміздің туы қысқы сурдлимпиадалық ойын салтанатты түрде табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің туы қысқы сурдлимпиадалық ойын салтанатты түрде табысталды

06.12.2019

Бүгін XIX қысқы сурдлимпиадалық ойындарда намысымызды қорғайтын спортшыларға еліміздің туы салтанатты түрде табысталды.

Әлемдік жарыстарда көк туымызды бірнеше мәрте желбіреткен олимпиада чемпионы Серік Сәпиев спортшыларға сәттілік тіледі. 12-21 желтоқсан аралығында Италияның Вальтеллина және Валькиавенна қалаларында өтетін жарыста Қазақстан атынан 39 адам барады. Олар шайбалы хоккей, сноуборд, шаңғымен жүгіру, тау шаңғысы, керлинг және шахмат сияқты 6 сайыс бойынша бақ сынайды. Ал, 4 жыл бұрын Ресейде өткен байрақты бәсекеде құрамамыз спорттың екі түрінен ғана сынға түскен еді. Сондықтан бұл жолы жүлдеден үміт мол,- дейді бапкерлер.

Аманкелді Сейітхан   


Хабарламаларға жазылу