Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті

19.02.2017
Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындарының ресми түрде салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Саппородан ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми түрде ашылған ақ Азиада ойындарының шеруінде еліміздің Туын шаңғы жарысынан бес дүркін Қазақстан чемпионы Ердос Ахмадиев ұстап шықты.  

Естеріңізге сала кетейік, VIII қысқы Азиада ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді. Жалпы, жарыста 31 елдің спортшылары 11 спорт түрінен 64 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бұл бәсі биік додаға еліміздің намысын қорғауға 153 спортшы келді.

Кеше алғашқы іріктеу сындары басталған болатын. Онда хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы жергілікті спортшылармен бақ сынасып, өкінішке қарай, қарсыластарынан 0:5 есебімен ұтылып қалды. Ал, ертең, яғни,   20 ақпан күні біздің хоккейші аруларымыз Қытай құрамасымен ойнайды.

 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу