Мемлекет басшысының әуетасымалдар бағасын төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында отандық авиакомпаниялар ішкі бағыттар бойынша авиабилеттің орташа құнын орта есеппен 12% -ға төмендетті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Еліміздегі алғашқы бюджеттік әуе компанияны іске қосу әуе тасымалдар нарығына елеулі әсер етті және жалпы алғанда ішкі нарықтағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік берді, бұл авиабилеттердің тарифтерін төмендеуіне алып келді.
«Fly Arystan» авиакомпаниясының нарыққа келуімен Қазақстан әуежайларында жолаушылар ағынының өсуі байқалды, Нұр- Сұлтан - 48%, Алматы - 45%, Семей - 1013%, Тараз - 734%, Павлодар - 117%, Қарағанды - 90%, Шымкент - 57 %, Орал - 54%.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік субъектілерімен бірлесіп авиабилеттердің құнын төмендету бойынша бірқатар жұмыс жүргізуде.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының әуеотынға бағаны төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында вице-министр Б.Камалиев Қазақстанда ұшуларды жүзеге асыратын шетелдік әвиакомпаниялармен мен негізгі әуежайлармен кеңес өткізді.
Мемлекет меншігіндегі әуежайларға авиаотынның құнын орташа нарықтық деңгейге дейін төмендету және шетелдік авиакомпаниялармен шарттардың осы шешіміне сәйкес келтіру тапсырылды.
Авиаотынның құны авиатасымалдар құнының ең үлкен үлес салмағын алады, яғни 30%-ға дейін жетеді.
Кездесуге Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларының әуежайлары және «Air China Limited», «China Southern Airlines», «Turkish Airlines», «Атласглобал», «Аэрофлот», «Fly Dubai», «Uzbekistan Airways», «Pegasus», «Etihad Airways», «Siberia Airlines», «Ural Airlines» және «Белавиа» шетелдік авиакомпаниялары өкілдері қатысты.
Жалпы алғанда, әуеотын мен әуебилеттердің құнын төмендету мәселесі министрліктің тұрақты бақылауында болады және осы мәселе бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.
miid.gov.kz