«114» қауырт желісі әлеуметтік жобасы өз мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«114» қауырт желісі әлеуметтік жобасы өз мәресіне жетті

04.12.2019

Талдықорғанда діни мәселелерге арналған «114» қауырт желісі әлеуметтік жобасы өз мәресіне жетті. «Ізгілікті істер» қоғамдық қоры қолға алған байланыс телефонына жарты жылда еліміздің әр аймағынан 6 мыңға жуық қоңырау соғылған. Хабарласушылардың басым бөлігі діни тақырыптарды қозғап, түрлі сауалдар жолдаған. Кәсіби теологтар мен психологтар тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, ақыл-кеңестерін айтқан. Мамандар кейбір хабарласушыларды кеңсеге шақырып, бетпе-бет жүздесіп, қабылдау жүргізді. Дін саласының өкілдері мұндай әлеуметтік жобаны әрі қарай жалғастыру керектігін айтып отыр. Шара, әсіресе, жастарды жат пиғылды діни ағымдар мен радикалды топтардан аман алып қалуына септігін тигізіп, дұрыс бағыт бағдар береді деген пікірде.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу