АҚШ Конгресі ұйғырлар туралы заңды мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Конгресі ұйғырлар туралы заңды мақұлдады

04.12.2019

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы ұйғырлар мен өзге де мұсылмандарды қудалағаны үшін Қытайды қатаң айыптауға үндейтін заңды басым дауыспен мақұлдады. Дәлірек айтсақ, бұл құжат Шыңжаң компартиясының Хатшысы Чен Куангуоға санкция жариялауға және осы аймақ тұрғындарын аңдуға қолданылатын технология сатуды тоқтатуға шақырады. Ұйғыр заңын демократтар бақылауындағы палатада 407 адам қолдап, біреуі ғана оған қарсы дауыс берген. 

Әлем ақпарат құралдарының мәліметінше, Шыңжаңда лагерьлерге бір миллиондай мұсылман қамалған. Алайда Қытай үкіметі ол мекемелерді кәсіпке үйрететін және терроризмнен, радикализмнен бас тарттыратын орталықтар деп атап отыр. Сонымен қатар ресми Бейжің Америка Конгрессі қабылдаған заңды Қытайға жасалған қасақана шабуыл және елдің ішкі істеріне араласу деп сипаттады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу