Президенттің жастар кадрлық резервін жасақтаудағы іріктеу кезеңнен 5 адам сүрінбей өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің жастар кадрлық резервін жасақтаудағы іріктеу кезеңнен 5 адам сүрінбей өтті

03.12.2019

Президенттің жастар кадрлық резервін жасақтау еліміздегі жоғары саяси ортаның жаңаруына бағытталған тың қадам болғалы тұр. Осы жобада бағын сынауға бекінген Шымкент қаласының 5 ерекше қабілетті жасы сынақтың бірнеше кезеңінен сүрінбей өтті. Олардың барлығы да бүгінде шаһардағы орта мектептерде ұстаздық етеді. Жобаға қатысушылар мұндай бастама өз ортасында ерекше қасиетімен, дара қабілетімен ерекшеленетін жастардың мансапқа жетуіне және ең бастысы ел игілігі үшін қызмет етуіне даңғыл жол ашады деп есептейді.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу