Батыс Қазақстанда жастар кадрлық резерві жобасы жүзеге асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда жастар кадрлық резерві жобасы жүзеге асты

04.09.2023

Батыс Қазақстан облысында жастар кадрлық резервін құру жобасы жүзеге аса бастады. Президент Жолдауында Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі екендігін, халық санының үштен бірін – жастар құрайтынын атап өтті. Қазір қоғамда жаңа әдіс-тәсілдерге, жаңа идеяларға, жаңа кадрларға деген сұраныс аса жоғары. Сондықтан саяси мемлекеттік қызметшілердің резерві құрылып, оның құрамына талантты, креативті жастар да қосылады. Мемлекет басшысы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді айтты. Бірыңғай сенім телефоны жұмыс істемек. Зорлық-зомбылыққа, қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Дулат Жүсіпқалиев, қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы:

Қазіргі таңда өңірімізде 100 мыңнан аса жас бар. Оларды қолдау, соның ішінде білімлі, білікті, қабілетті жастарды кадрлық резервке тарту бағытында ұсыныс айтылған болатын. Өзіңізге мәлім, бүгіннен бастап жастар кадрлық резерві жобасы жүзеге асып жатыр. Біздің өңірдің жастары осы бағдарламаға белсене қатысып жатыр.

Алтынзер Серікова, колледж студенті:

Арамызда қазір өте көп буллинг болып жатыр және кәмелетке толмаған жастардың арасында зорлық-зомбылық көп кездеседі. Соны тоқтату керек деп Тоқаевтың өзі айтты. Біздің Президентіміздің әр сөзі бізге үлкен мотивация беріп, болашаққа сенімімізді арттырады.


Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу