Министр «Алматыметроқұрылыс» басшысының неге босатылғанын түсіндірді

03.12.2019
Министр «Алматыметроқұрылыс» басшысының неге босатылғанын түсіндірді

«Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесі төрағасы Қайрат Рейімов 25 млн теңге кепіл қаражат төлеп, тұтқыннан босап шықты. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

«Сот шешімі болды. Тұтқында ұстау 25 млн теңге кепіл қаражатты айқындау арқылы санкцияланды. Сондықтан процедуралық мәселелер бар. Қорғаушы тарап жылжымайтын мүлік құжатын ұсынып, ол бағаланды. Осы процедуралардан кейін ол кепілмен босатылды», - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін отандық БАҚ-та «алаяқтық жасады» деген күдікке ілінген «Алматыметроқұрылыс» басшысының 2 айға қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланды.

inform.kz


Хабарламаларға жазылу