«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

30.11.2019
«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

234 үміткердің аты-жөні бар толық тізім жария етілді, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметі.  

«Шетелде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссия отырысының шешімі бойынша 234 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай-ақ, әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады», делінген хабарламада.

Толық тізім

Хабарламаларға жазылу