Бүгін «NUR OTAN» партиясына 2000 адам қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «NUR OTAN» партиясына 2000 адам қабылданды

29.11.2019

Бүгін ел бойынша екі мыңға жуық азамат «NUR OTAN» партиясының қатарына қабылданды.

Олардың арасында танымал әзіл әртісі Тұрсынбек Қабатов, кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтар бар. Сондай-ақ, Арыс қаласында болған жарылыс кезінде 80 баланы құқарып қалған көлік жүргізушісі мен өзге де елдің әр аймағында қоғамның дамуына үлес қосып жүрген белсенділер партиялық билеттер алды. Оларға партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сәттілік тілеп, жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Ал, жиында сөз алған жаңа «Нұр Отандықтар» елдің өркендеуі үшін адал қызмет етуге аянбайтындарын айтты.

Аманкелді СЕЙІТХАН



Хабарламаларға жазылу