Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды

28.01.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды. Онлайн форматта өтіп жатқан саяси ұйымның ХХI съезінде оның кандидатурасы бірауыздан қабылданды. Жиында сөз алған Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасынан сабақ алуымыз керектігін айтты. Президент өз сөзінде «бұдан былай мұндай қасіретке жол бермейміз. Халқымыз бірлігінің арқасында осы сын-қатерге төтеп берді. Қазір алдымызда барлық саланы қайта жаңғырту міндеті тұр» деп айтты. Президент таяу арада өзінің партиядан кетуі мүмкін екенін де айтып қалды.

Ол өз сөзінде: «Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармақтарының келісілген іс-әрекетін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету. Әрине, бұл жағдайда Президенттің қандай да бір партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақ болғаны жөн. Сондықтан біраз уақыттан кейін, бәлкім, биылғы жылдың соңына қарай, менің «Nur Otan» партиясына төрағалық ету мәселесін қайта қараймыз»,- деді. 


Хабарламаларға жазылу