Бала асырап алу процесі жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала асырап алу процесі жеңілдейді

21.11.2019

Ұлттық бала асырап алу агенттігіне заңнамалық құқық берілсе, жетімдердің саны 50 пайызға қысқарады. Мұндай мәліметті «Ана үйі» қоғамдық қорының мамандары хабарлап отыр. Аталмыш агенттіктің жұмысы осы қор шеңберінде 2016 жылы басталған болатын. Содан бері 1122 бала жаңа отбасында тәрбиелену мүмкіндігіне ие болды.

Ал балалар үйінде әлі 5 мыңнан астам тәрбиеленуші бар. Асырап алуға ниетті отбасылардың саны 4 мыңнан асқанымен, құжат рәсімдеу процесі өте көп уақытты алады. Сондықтан Ұлттық бала асырап алу агенттігіне уәкілдік берілсе, осы мәселелердің жедел реттелуі бек мүмкін. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу