Тергеу ісін ұзаққа созған полицейлердің мәселесі қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тергеу ісін ұзаққа созған полицейлердің мәселесі қаралады

21.11.2019

Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев арыз-шағым арқалап келген азаматтарды қабылдады. Таң сәріден ведомство басшысымен кездесуге 100-ден астам адам жиналды. Олардың бірсыпырасы аймақтардан арнайы келіпті. Көпшілігі полицияның әділетсіз әрекетін, қылмыстық тергеудің заңсыздығын алға тартуда. 

Министрге алғаш болып кірген екі адам Ақтөбе облысынан келді. Олар облыстық полиция департаментінің бастығына көңілдері толмайтынын жеткізді. Айтуларынша, 25 миллион теңгенің мүлкі ұрланған. Қылмыстық істі қарау созылып кеткен және 6 мәрте тергеуші ауысқан. 

Өз кезегінде министр Ерлан Тұрғымбаев Ақтөбе облыстық Полиция департаментіне қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды, ал шағымданған азаматтың мәселесін Тергеу комитетіне назарға алуды бұйырды.

Ербол Мәндібек

Хабарламаларға жазылу