Алаяқтар WhatsApp-ты бұзатын жаңа айла тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтар WhatsApp-ты бұзатын жаңа айла тапты

19.11.2019
Алаяқтар WhatsApp-ты бұзатын жаңа айла тапты

Интернет-алаяқтар WhatsApp-ты бұзудың жаңа жолын тапқан. Ол үшін хакерлер түрленген MP4-файлдарды пайдаланады. Енді мамандар MP4 форматындағы файлдарды телефонға көшірмеуді ескертеді. Өйткені мұндай файлдарда құрылғыны алыстан басқаруға мүмкіндік беретін кодтар болуы мүмкін. Осылайға қолданушы DoS-шабуылға ұшырауы, яғни олардың жеке мәліметтері қолды болуы мүмкін. Сондай-ақ құрылғы арқылы қолданушының басқан ізін аңдуы мүмкін. 

Ескерте кететін жайт, мессенджерді бұзу үшін хакерлерге қолданушының растауы тіптен қажет емес. Сондықтан да бұл қауіптің қызыл (шекті) деңгейі деп бағаланып отыр. Мұндай қателіктер WhatsApp-тың Android-қа арналған 2.19.274 нұсқасынан және iOS-қа арналған 2.19.100 нұсқасынан табылған. 

hi-tech.mail.ru


Хабарламаларға жазылу