Қаратаудан мұнай табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаратаудан мұнай табылды

19.11.2019
Қаратаудан мұнай табылды

Түркістан облысына қарасты Үлкен Қаратау аумағының Шоқпақ учаскесіндегі палеозойлық жыныстар қабатынан мұнай белгілері табылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Telegram-да хабарлады.

«Арнаулы экспедиция боксит, қорғасын, мырыш және сирек кездесетін басқа да заттарды табу үшін Үлкен Қаратаудың Леонтьев ойысындағы геофизикалық түзілімдерді зерттеді. Ол үшін 300 метрге дейінгі ұңғымалар қазылды. Бұрғыланған 39 ұңғыманың он бірінен қоңыр түсті сұйық мұнай табылды. Бұрғылау кезінде мұнай қабыршақтары бөлініп шықты», - делінген хабарламада.

Енді Сырдария, Шу-Сарысу ойпаттарынан мұнай іздеудің өзектілігі арта түсті. Өйткені бұл - Қазақстан тауларында табылған алғашқы мұнай. Учаскелерді барлау және бұрғылау әлі де жалғасады.

Хабарламаларға жазылу