Азық-түлікті қымбаттатқан кәсіпкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлікті қымбаттатқан кәсіпкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

17.03.2020

Азық-түлікті қымбатқа сатып, халықтың қалтасын қағатын кәсіпкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Үкімет оларға соңғы рет ескерту жасады. Президент Жарлығына сәйкес осы аптада баға тұрақталуы тиіс. Әйтпесе шекті баға белгіленеді. Бұл нарықтық экономика заңдылығына қайшы. Алайда құлақ аспайтын болса сондай амалға баруға мәжбүрміз,-деді сауда және интеграция министрі. Тауар құнын қалыпты ұстау, тапшылықты болдырмау шаралары да сөз болды.  

Облыстарда көшпелі сауда ұйымдастырылады. Мәселен, Сыр өңіріндегі ең ірі күріш өндіруші компания еліміздің кез келген аймағына делдалсыз жеткізіп беруге әзір.

Бірақ қойма толы. Тұрақтандыру қоры тапшылық болса орнын толтырады. Сондай-ақ сын сағатта бағаны нарықтың ырқына жібермеу тетіктері ескеріледі.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу