Қазақстандықтардың көбі зейнетақысын баспана алуға жұмсай алмайды

18.11.2019
Қазақстандықтардың көбі зейнетақысын баспана алуға жұмсай алмайды

Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауға қатысты пікірін айтты. Ол «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның осы мәселе бойынша Ұлттық банкпен тығыз жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Статистиканы зерделеудеміз. Өкінішке қарай, ол республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік зейнетақының көлемі жыл сайын өсіп бара жатқанын көрсетіп отыр», - деді Л.Ибрагимова.

Оның айтуынша, зейнетке шыққан кезде Қазақстан азаматтарының зейнетақысы жалақысының 70 пайызын құрауы керек. 

«Қазақстандықтардың көбінде зейнетақы жинағы мардымсыз. Сондықтан қазір талқыланып жатқан механизм зейнетақы жинағы жеткілікті салымшылардың аз ғана бөлігіне қатысты болатын шығар. Әлі қосымша есептеулер жүргізіліп жатыр, мәселе жіті пысықталады», - деді ол.

ТҚЖБ басшысы бұл мәселеге қатысты шешім жылдың соңына қарай нақтыланатынын айтты.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу