«5-20-25» бағдарламасымен кімдер баспана ала алады?

18.11.2019
«5-20-25» бағдарламасымен кімдер баспана ала алады?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгін Үкімет отырысында қолжетімді баспана алу үшін тағы бір бағдарлама енгізілетінін хабарлады.

Үкімет 2020-2025 жылға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдады.

«Бірыңғай тұрғын-үй саясатын жүзеге асырудың бірінші міндеті аясында баспана қолжетімділігі сатысы енгізіледі. Халықтың табысы негізгі фактор болады. 29,7 мың теңге табысы бар адамдарға, жетім балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлерге сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана беріледі», - деді министр.  

Оның айтуынша, 3,1 күнкөріс минимумы - 92 мың теңге табысы бар азаматтар «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктің кредиттік баспанасына үміткер бола алады.

«Олар - әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттегілер. 3,1 күнкөріс минимумынан жоғары табысы бар тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасы ұсынылады», - деді Б.Атамқұлов. 

Хабарламаларға жазылу