«Әскери баспана» бағдарламасына өтініш беру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әскери баспана» бағдарламасына өтініш беру басталды

18.05.2021

Отбасы банкі «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша несие беруді бастады. Бағдарламаға Отбасы банкінде арнайы шоты бар және бұған дейін баспана алмаған әскери қызметкерлер қатыса алады. Бастапқы жарна үшін үй бағасының 15%-ын жинау қажет. Несие 8 пайызбен 25 жылға дейін беріледі. Оған жаңа үйлерді де, қолданыстағы пәтерді де сатып алуға болады. «Әскери Баспана» бағдарламасымен үй алу үшін Отбасы банкінің ресми сайтына кіріп, өтініш жазу қажет. Тұрғын үй табу керек. Өтініш қабылданған соң азаматтар 2 ай ішінде банк бөлімшесіне барып, несие алуға өтініш береді.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу