Елімізде 320 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 320 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады

17.11.2019

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инсулин өндірісін диверсификациялау бойынша пилоттық жобаны қолға алғандарын хабарлады. Диабет әсіресе кедей елдерде көбейіп барады. Инсулинге тәуелді адамдар оны қабылдамай жүруге мәжбүр. Ал бұл аса қауіпті. Бүгінде әлемде инсулиннің басым бөлігін бар-жоғы 3-ақ компания шығарады. Бағаны өздері бекітеді. Кедей елдерде ол адам табысының төрттен біріне жетеді.  

Аптадағы диабетпен күрес күніне орай ДДС ұйымының өкілдері Женевада брифинг өткізіп, бірнеше фармкомпанияның инсулин өндіруге дайын екенін хабарлады. Үлгілерін өткізген.

Диабет адам өлімінің негізгі себептерінің ішінде 7 орында тұр. Және оның салдарлары да жаман – инфаркт, инсульт, бүйрек аурулары, соқырлық, аяқты кесу. Әлемде қазір 420 миллион диабетке шалдыққан. Біздің елімізде де проблемалар бар. 


Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу